Әйелдер мен қыздардың құқығы – қоғам қорғаны

11 Views

Жақында Қарақыстақ ауылдық, Қарақыстақ балалар, Жаңатұрмыс,

Қазақ, Тасшолақ ауыл-аймақ кітапханашыларының ұйымдастыруымен

«Әйелдер мен қыздардың құқығы – қоғам қорғаны» тақырыбында пікір

алаңы өтті.

Іс-шара барысында кітапханашы Ғалия Алимова « Ә й е л д е р  м е н

қыздардың құқығы – қоғам қорғаны» тақырыбының маңыздылығына

тоқталды. Әйелдер мен қыздардың білім

алуға, еңбек етуге, өз пікірін білдіруге, қауіпсіз ортада өмір сүруге және заңмен

қорғалуға құқығы бар екені айтылды. Заңгер Нұрлан Қалманбетов әйелдер

мен қыздардың құқықтық қорғалуы, құқық бұзылған жағдайда көмекке

жүгіну жолдары туралы түсіндірме берді.

Психолог Гүлнар Жиенбаева қыз балалардың өзіне деген сенімін

қалыптастыру, қиын жағдай кезінде көмек сұрау және психологиялық

қолдаудың маңыздылығы туралы пікір білдірді. Полиция аға лейтенанты

Айдана Нұржанова әйелдер мен қыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз

ету, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіп

төнген жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі туралы ақпарат

берді.

Қарақыстақ ауылдық учаскелік полиция қызметкері Ернұр Наметқұлов

қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың және құқық бұзушылықтың алдын

алудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар құқықтық сауатты­­-

лыққа, әйелдер мен қыздардың құқықтарына және қауіпсіздік мәселе-

леріне арналған ақпараттық көрме  ұйымдастырылды.

Ғалия АЛИМОВА,  Қарақыстақ ауылдық

кітапханасының  кітапханашысы.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий