Жеңілдетілген несие бойынша өтінім қабылдау басталды

21 Views

Диқан қауымы үшін қаржылай қолдаудың

маңызы зор. Осы ретте Президент тапсырмасымен

жүзеге асырылып жатқан жобалар көп. Соның

қатарында «Кең дала – 2» бағдарламасы бар. Бұл

шаруаларға жасалған үлкен қолдаудың бірі.

Бүгінде диқандарды мемлекеттік қолдау

жүйесінің архитектурасы біртіндеп өзгеріп келеді.

Оның негізі жеңілдікті қаржыландыру көлемін

ұлғайтумен ғана шектелмей, мемлекеттік қар-

жылық қолдаудың ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушіге қай кезеңде қолжетімді болатынын

өзгертуге бағытталуда. Ауыл шаруашылығы

маусымына дайындықтың жаңа циклі ағымдағы

жыл аяқталмай тұрып басталады. Бұл ауыл шаруа-

шылығы тауарын өндірушілерге қажетті ресурс-

тарды алдын ала қалыптастыруға, техниканы

дайындауға және келесі маусым басталғанға дейін

көктемгі егіс жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік

береді. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы

басқармасы басшысының орынбасары Болат

Сағынбековтің айтуынша, 2026 жылдың көктемгі

және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыру

мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

арқылы «Кең дала – 2» бағдарламасы аясында 306

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жалпы

сомасы 9 миллиард теңге көлемінде жылдық 5

пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие

берілді.

Көрсетілген қаржыландыру шараларының

тиімді жүзеге асырылуы нәтижесінде 2026 жылы

облыстағы жалпы егіс алқабы 654,9 мың гектарды

құрады. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 15

мың гектарға артық. Ал Ауыл шаруашылығы

министрлігінің мәліметіне сүйенер болсақ, еліміз

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді

мемлекеттік қолдау жүйесінде қаржыландыруды

ертерек бастау тетігіне кезең-кезеңімен көшіп

келеді. Бұған дейін несие қаражатының басым

бөлігі егіс жұмыстары кезеңінде берілетін. Қазір

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер маусым

басталғанға дейін бірнеше ай бұрын қаржы-

ландырылып, алдын ала дайындық жұмыстарын

жүргізуге мүмкіндік алып отыр. Мұндай тәсіл

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың

2024 жылғы 15 қарашада өткен ауыл шаруашылығы

қызметкерлерінің алғашқы форумында берген

тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.

Тапсырмада егіншілерді негізгі маусымдық

жұмыстар басталғанға дейін қажетті қаржы

ресурстарымен қамтамасыз ету және егіс нау-

қанына дайындық сапасын арттыру міндеті

қойылған. Ауыл шаруашылығында уақыт өте

маңызды. Тұқым, тыңайтқыш, өсімдіктерді

қорғау құралдары, жанар-жағармай және қосал-

қы бөлшектер шаруашылыққа техника алқапқа

шыққан күні емес, одан әлдеқайда бұрын қа-

жет. Ерте қаржыландыру шаруаларға қажетті

қорларды алдын ала қалыптастырып, техниканы

дайындауға және қаржылық жүктемені ауыл

шаруашылығы циклі барысындағы ең қарбалас

кезең басталғанға дейін бөлуге мүмкіндік береді.

Алғашқы практикалық қадам 2024 жылдың соңын-

да жасалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау

мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» 2024

жылғы 29 қарашада 2025 жылғы егіс науқанын ерте

қаржыландыруға өтінімдер қабылдауды бастады.

Кейіннен бұл тетік жетілдіріліп, оны іске қосу

мерзімі біртіндеп ертерек кезеңге ауыстырылды.

2027 жылғы маусымның көктемгі егіс және егін

жинау жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдер

қабылдау 2026 жылғы 1 қазаннан басталды.

Осы мақсаттарға Үкіметтен 200 миллиард теңге

бағыттау жоспарланған. Диқандар үшін сыйақы

мөлшерлемесі жылдық 5 пайызды құрайды.

Енді келесі маусымға қаржылық дайындық

күзде, көктемгі дала жұмыстары басталғанға

дейін басталады. Яғни, ерте қаржыландыру

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект

дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны

түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты

Жолдауында белгіленген ауыл шаруашылығы

саласын одан әрі дамыту міндеттері шеңберінде

аграрлық секторды жеңілдетілген несиелендіру

көлемінің жалпы ұлғаюы аясында дамып келеді.

Соңғы үш жылда көктемгі дала және егін

жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі

шамамен 1,8 есеге өсіп, 750 миллиард теңгеге

жеткен. Ауыл шаруашылығы министрлігінің

мәліметіне сүйенер болсақ, 2024 жылы 421

миллиард теңге, оның ішінде 100 миллиард теңге

2025 жылғы егіс науқанын ерте қаржыландыруға

жұмсалды. 2025 жылы бұл мақсатқа 649,3 мил-

лиард теңге бөлінді. Оның ішінде 2026 жылғы

маусымды ерте қаржыландыруға 147,8 миллиард

теңге. 2026 жылы көктемгі егіс және егін жинау

жұмыстарына 750 миллиард теңге, 2027 жылғы

маусымды ерте қаржыландыруға 200 миллиард

теңге қарастырылған. 2026 жылғы 28 қыркүйектегі

жағдай бойынша шаруаларға 664,4 миллиард

теңге берілді, қаржыландырумен 8 миллион

гектардан астам қамтылды. Ерте қаржыландыру

шаруашылықтарға маусымдық жұмыстарға алдын

ала дайындалуға, тұқым, тыңайтқыш, өсімдіктерді

қорғау құралдары, жанар-жағармай, материалдар

мен қосалқы бөлшектерді алдын ала сатып алуға,

техниканы жөндеп, дайындауға, сонымен қатар

қажетті шарттарды уақтылы жасасуға мүмкіндік

береді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілердің кредиттік ресурстарға қол жеткізу

мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған құралдар

да жетілдірілуде. Шаруашылықтардың бір бөлігі

үшін негізгі проблемалардың бірі кепіл базасының

жеткіліксіздігі болып қала береді. Оны шешу үшін

көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қарыз

сомасының 85 пайызға дейін жабуды көздейтін

кепілдік беру тетігі қолданылады. 2024 жылы 94,2

миллиард теңге кредит беру сомасына 401 кепілдік

берілді. Ал 2025 жылы 283 миллиард теңге кредит

беру сомасына 1 633 кепілдік берілген. Оның

ішінде 51,4 миллиард теңгеге 300 кепілдік – ерте

қаржыландыру шеңберінде. Биыл қарыздардың

жалпы сомасы 274,2 миллиард теңгеге 1735

кепілдік берілді. Қаржы құралдары екінші

деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер,

әлеуметтіккәсіпкерлік корпорациялар және

«Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ филиалдық

желісі арқылы ұсынылады.

Биылғы көрсеткіштер жүйенің жұмысын іс

жүзінде бағалауға мүмкіндік береді. Мәселен, 2026

жылғы егіс науқаны еліміздің барлық өңірлерінде

белгіленген агротехникалық мерзімде өтті. Жалпы

ауданы 24,2 миллион гектарды құрады. Бұл өткен

жылғы көрсеткіштен 597 мың гектарға артық.

Шаруашылықтарды егіс науқанына қажетті

ресурстармен қамтамасыз ету үшін литріне 281

теңге бағамен 402,3 мың тонна жеңілдетілген

дизель отыны бөлінді. Тұқым қоры 2,3 миллион

тонна көлемінде қалыптастырылды. Қазіргі

жағдай бойынша елімізде дәнді дақылдардың 13,5

миллион гектары, яғни жалпы 15,6 миллион гектар

алқаптың 83 пайызы жиналды. Былтырғы сәйкес

кезеңінде 16,1 миллион гектардың 11 миллион

гектары немесе 68,6 пайызы жиналған болатын.

Орташа өнімділік гектарына 14,7 центнерді құрап,

19,9 миллион тонна астық бастырылды. Майлы

дақылдардың 2,4 миллион гектары жиналды.

Өнімділік гектарына 10 центнер болған кезде 2,4

миллион тонна майлы дақыл тұқымы бастырылды.

Былтырғы сәйкес кезеңде өнімділік гектарына

9,9 центнер болып, 840,5 мың тонна майлы

дақыл тұқымы жиналды. Лицензияланған астық

қабылдау кәсіпорындарына жаңа өнімнің 4,9

миллион тонна астығы жеткізілді. Бұл өткен

жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20

пайызға жоғары. Қоймаға қабылданған жұмсақ

бидайдың 74 пайызы жоғары сапалы бидай, 20

пайызы төртінші сыныпқа, ал 6 пайызы бесінші

сыныпқа жатқызылды. Бұл көрсеткіштер егін

жинау науқанының нәтижелерін ғана емес,

сонымен қатар ішкі нарықты алдағы уақытта

қамтамасыз ету үшін қалыптасып жатқан тауар

қорларының көлемін де көрсетеді.

Марат ҚҰЛИБАЕВ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий