Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
30 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Сейсенбі күні аудан әкімі аппараты мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бірлесіп оқу-жаттығу жиынын өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Руслан Оразхан, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жандар Сейтімбетов пен аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бойынша инспекторы Еркебұлан Рахманқұл арнайы қатысты. Жамбыл облысының басқару органдарын және азаматтық қорғау күштерін дайындау жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу-жаттығу «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған немесе қауіпі төнгенде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері мен тұрғындардың іс-әрекеттері» тақырыбында өрбіді. Оқу-жаттығу барысында төтеншеліктер жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарды жоғары қабаттан түсіріп, құтқарып алды. Сонымен қатар, төтенше жағдай орын алған аумақтағы халықты қауіпсіз жерге көшіріп, орналастырды.
«Құлан таңы» ақпарат.