Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
«Egemen Qazaqstan» газетінің 28 қаңтар күнгі №17 санында «Жол апаты алдын алғанда ғана азаяды» атты мақала жарық көрген еді. Мақалада өткен жылы жол-көлік оқиғасынан 2 мыңнан астам адам қайтыс болып, 20445 адам жарақат алғаны жайында дерек бар. Бұл жөнінде мәжіліс депутаты Павел Казанцев ішкі істер министрлігіне сауал жолдапты. Мәжілісменнің дерегінше бейбіт күні тас жолда жан тапсырғандардың саны Ауғанстанда болған 10 жылдық соғыста бақилық болғандардан көп екен.
Биыл да елімізде жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Күнде бір суыт хабарды естиміз. Адамдар топ-тобымен ажал құшып жатыр. Екі-үш күн алдын Алматы – Бішкек тас жолында орын алған қайғылы оқиға әлеуметтік желілер арқылы тарады. «Мазда-626» маркалы темір тұлпар мен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың үшеуі балалар. Тағы үш адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Куәгерлердің айтуынша барлығы бір үйдің адамдары. Бұл бір ғана дерек. Осындай оқыс оқиғалар күн сайын тіркеледі. Салдары ауыр. Себебіне үңілген жан бар ма? Адамдардың көпшілігі темір тұлпар тізгіндеген жүргізушілердің көлікті қатты айдайтынын, жол ережесін жиі бұзатынын айтады. Күнде жолда жүрген соң, оны өзіміз де көріп жүрміз. Ережеге бағынбайтындар жетеді. Жол ережесін білмейтіндері қаншама? Бір-бір үйдің еркелері есекті ерттеп мінгендей темір тұлпарларды тақымдап алған. Соның бірін фототілшіміз таспаға тартыпты. Мемлекеттік нөмірі 981 КМА 08 «BMW» автокөлігі орталық алаңда ойқастап, елдің құтын қашырған. Көлігін шыр айналдырып мақтанған даңғойдың кім екенін анықтау құзырлы органдарға қиындық тудырмас.
Қазір ішімдік ішіп те көлік айдайтындар көбейді. Үлкен жолдың бойында біріне бірі жол бермейтіндерді қайтеміз. Жүйткіген көліктер полицияны көргенде ғана жылдамдықты азайтады. Осындайда өмір өзіміздікі екенін ұмытып кетеміз. Полиция үшін өмір сүріп жүргендейміз. Полицияның міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау. Біздің міндет жолда жүру мәдениетін сақтау болса, қанекей.
Жоғарыда жол-көлік оқиғасы көбейіп келеді дедік. Аудандық полиция бөлімі орын алған әрбір жол-көлік оқиғасына талдау жасап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда биыл жол апаты артқан. Сандарды сөйлетейікші. 2018 жылдың жеті айында 41 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, ағымдағы жылдың жеті айында 44 жол апаты орын алған. Былтыр 6 адам қайтыс болса, биыл 7 адам жер қойнына тапсырылды. Жарақат алғандардың саны тіптен көп. 52 адамнан 92 адамға өскен. Қайғылы оқилардың дені ауыл ішіндегі көше жолдарында болған. Тағы бір дерек, жолда жан тапсырғандардың тоқсан пайызы ер адамдар. Еркек кіндіктілердің бейбіт күнде қынадай қырылып жатқаны ойланарлық жағдай. Жолда абай болайық. «Жылдамдықты асыру – ажалыңа асығу» екенін ұмытпайық.
Мереке Ержанұлы.