ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
191 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Т.Рысқұлов ауданы статистика басқармасы аудандағы заңды тұлғалардың алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде тапсыруға мүмкіндіктері бар екенін хабарлайды. Статистикалық есеп нысандарын электронды тапсыруды www.stat.gov.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында жүзеге асыра аласыздар. Есептерді электронды түрде тапсыру үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан «Статистикалық есептілік» АЖ үшін заңды тұлғаның аутенттілік құралдарын және электронды цифрлы қолтаңбасын (ЭЦҚ) алуы қажет. Барлық туындайтын сұрақтар бойынша аудандық статистика басқармасына хабарласуға болады. Тел.: 8(72631) 2-18-55.
Сонымен қатар, статистика басқармасы 2020 жылы Қазақстанда Ұлттық халық санағының жүргізілетінін хабарлайды. Санаққа үй шаруашылығының құрамына кіретін, елді тұрғылықты тұратын респонденттер, уақытша болмағандар және уақытша тұратындар мен келушілер қоса есепке алынады. Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелде тұрақты тұратын Қазақстан республикасының азаматтары қамтылады. Санақты жүргізу кезінде азаматтардан алынған ақпарат, Қазақстан Республикасында қабылданған ақпараттық қауіпсіздіктің стандарттарына сәйкес қорғаумен қамтамасыз етіледі.
8 қараша — Статистика күні. Барлық әріптестерімізді Қазақстан мемлекеттік статистикасының 99 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Барлық біздің қызметкерлердің кәсібилігін, жоғары біліктілігін, үлкен еңбексүйгіштігін айта келе, сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, бейбітшілік және еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Б.Прімқұлов,
аудандық Статистика басқармасының басшысы.