23 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Ізгі де игі шара
790 Views
Мамыр айының басында Қызылшаруа ауылының азаматы, жеке кәсіпкер Бақыт Тұрарұлы Тілеубаев ауылдағы көмекке мұқтаж отбасыларына қайырымдылық шарасын жасады.
Осы шараға Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Самат Атабаев қатысып, мұқтаж отбасыларға 45000 теңгеден 7 бас қой сатып алып, тұрғындарға таратты. Сонымен қатар 15000 теңгеден 7 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді. Халық бата беріп, ізгі тілектерін білдірді.
Дәл қазіргідей қиын жағдайда халықты рухани және материалдық жағынан қолдау тұрғындардың еңсесін көтеріп тастады. Ауыл тұрғындары да ауыл кәсіпкерлеріне алғыстарын айтты. Бұл өзі рахым айы – Рамазандағы ізгі де игі шараның бірі болды.
«Құлан таңы» ақпарат.

