Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
1 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесі мен үшін елдігімізді
айқындайтын, тәуелсіздігімізді қадірлеп, туған жерге деген
сүйіспеншілігімізді терең сезінетін ерекше күн. Республика күні – жай ғана
мереке емес, ел болашағына деген сенім мен әр азаматтың жауапкершілігін
еске салатын қастерлі дата.
Менің ойымша, Отанды сүю –
әдемі сөз айтумен емес, адал еңбекпен,
адамгершілікпен және ел игілігіне
қызмет етумен өлшенеді. Еліміздің ең
үлкен байлығы – бейбітшілік, бірлік
пен татулық. Осындай құндылықтарды
сақтау, кейінгі ұрпаққа аманат ету –
баршамыздың ортақ міндетіміз.
Білім беру саласында еңбек ете
отырып, мен ел болашағының негізі –
жас ұрпақтың тәрбиесі мен білімінде
деп білемін. Жастардың бойына
отансүйгіштік қасиет дарытып, туған
жерін құрметтеуге, ана тілін ардақтауға,
елін сүюге тәрбиелеу – болашаққа қосқан
ең маңызды үлесіміз. Себебі елдің
ертеңі – бүгінгі ұрпақтың қолында. Мен
Қазақстанның болашағына сеніммен
қараймын. Әрқайсымыз өз ісімізді адал атқарып, қоғамға пайдамызды тигізсек,
еліміздің дамуына да үлес қосамыз.
Өйткені Отанға қызмет ету өзіңнен, өз
ісіңе деген жауапкершіліктен басталады.
Осы мерейлі күні барша отандастарыма амандық, отбасыларына
береке, еңбектеріне табыс тілеймін.
Еліміздің тыныштығы бұзылмасын.
Халқымыздың бірлігі бекем болсын!
Қазақстанымыздың абыройы асқақтап,
келер ұрпақ тәуелсіз елде еркін өмір
сүріп, жарқын болашаққа нық қадам
бассын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз
еңселі болсын!
Ұлбосын АКИШЕВА,
Құлан агротехникалық жоғары
колледжі директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары.