33 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
200 түп сән ағашы отырғызылды
910 Views
Жаңатұрмыс ауылының жастары биыл ерледі. Олар ерікті волонтерлер қатарына қосылып, ауылдағы мешіт жанынан өз қаражаттарына асхана салып берді. Әр жылдарда мектеп бітірген түлектер қалталарынан қаражат шығарып, тіпті құрылыс жұмыстарын да өздері жүргізіп, ауыл ақсақалдарының ақ батасын алды.
Міне, сол жігерлі жастар өздерінің туған ауылына деген қайырымдылық акциясын көктем шығысымен қайта қолға алды. Дәлірек айтқанда, биыл мектеп бітіргендеріне 20 және 40 жыл толатын түлектер ауыл орталығындағы саябаққа ағаш көшеттерін отырғызуды қолға алды. Ауыл әкімі Нұрболат Жамалбеков жастардың бұл бастамасын шын ниетімен қолдап, оларға алғысын білдірді. Сөйтіп, отыз-отыздан 60 арша көшеті саябаққа қондырылды. Осы сенбілікте барлығы 200 түп сән ағашы отырғызылды. Бұл қоршаған ортаға көркейіп, сән беріп қана қоймай, табиғаттың тазалығы мен ауаның бұзылмауына өз септігін тигізеді.
Мұрат Рысмедетов,
зейнеткер, билер
алқасының мүшесі.

