2021 жылы 97 тұлғаға қатысты 88 қылмыстық іс қаралған
Сейсенбі күні Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы Айдарбек Замбаев аудандық газетке шағын сұхбат берді. Анығын айтқанда, аудандық сот төрағасы 2021 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша сөз өрбітті.
Сот төрағасы алдымен сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерді тілге тиек етті.
– Өткен жылдың 12 айында 97 тұлғаға қатысты 88 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде үкім шығару арқылы 82 тұлғаға қатысты 90 қылмыстық іс қаралған, 3 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты қысқартылған. Есепті кезеңде 503 тұлғаға қатысты 503 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 406 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, 97-сі қысқартылған, оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 26 іс қысқартылған. Сондай-ақ, 2021 жылдың 12 айында 659 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 387 іс бойынша шешім шығарылған, 114 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 61 азаматтық іс қараусыз қалдырылды. 92 азаматтық іс қысқартылған, оның ішінде медиация тәртібімен 79 азаматтық іс қысқартылған, 10 азаматтық іс бітімгершілік тәртібімен қысқартылған. Соттылығы бойынша 5 азаматтық іс жолданған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 46 мақала жарияланған, 8 дөңгелек үстел, 15 семинарлық сабақ өткізілген, – деді аудандық сот төрағасы.
Айдарбек Замбаев одан өзге де біз қойған сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарымызға нақты мысалдармен жауап берді.
М.Диханбай.