Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
Дүниеде адамгершілік пен қайырымдылықтан асқан қандай қасиет бар? Жаратушымыз үшін де ең сүйкімді көрінетін ізгі амалдардың бірі – қайырымдылық. Асылында, екі дүниеде де мол сауапқа кенелтетін бұл қасиет–кім-кімге де үлгі болатын іс. Қазіргі таңда қайырымдылық қасиеттерімен елге танылып, көпшіліктің басын қосып, игі іске жұмылдыруды көздеген мейірбан азаматтар саны көбейіп келеді. Бұл, әрине, қуантарлық жайт. Елімізде жаны таза, қолы ашық азаматтар көп. Олар – Тәңірдің разылығы үшін ізгі амал жасап, туған жерінің игілігіне жарап, халық алғысына бөленіп жүрген азаматтар. Солардың бірі – «Golden Compass Jambyl» ЖШС-нің директоры Изалов Құрбан Закиржанұлы. Ол Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің жанындағы интернат балаларына демеушілік көрсетіп, олардың жүрегіне сенімділік ұялата білді. Көптеген жылдар бойы жүздеген бүлдіршіндерге аяулы мекен болған мектеп жанындағы интернатқа балаларға арналған 10 киім ілетін шкаф, 16 тумба, 40 метр кілем сыйлады. Балалардың қуанышында шек жоқ.
«Еліміздің болашағы – жастар» десек, сол жастардың өсіп-өнуіне, жан-жақты білім, жақсы тәрбие алуына осындай азаматтардың берер үлгі-өнегесі мол. Бұл ісі үшін Қ.Изалов мырзаға мектеп ұжымы мен ата-аналар атынан шын жүректен зор алғыс білдіреміз. Осы секілді халықтың игілігі жолында еңбек етіп, көпшілікті қуантар азаматтарымыз көбейе берсе нұр үстіне нұр болар еді.
Серік Айтбаев,
Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің директоры.