Мерекелік құттықтау

438 Views

Құрметті аудан тұрғындары! Ардақты жерлестер!
Баршаңызды келіп жеткен көктемнің алғашқы шуақты мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі.
Дәл осы күні 1995 жылы қазақ халқының санасына бірлік пен тұрақтылық, татулық пен отансүйгіштікті сіңіруді мақсат еткен ұйым – Қазақстан халық Ассамблеясы құрылған болатын. Бүгінде Ассамблеяның құрылған күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке ұлтаралық татулығымызды нығайтып, бірлік-берекемізді арттырып, ынтымағымызды еселей түсетін айтулы күндердің біріне айналды.
Бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғыр­лы татулығымыз бен ырысты ынтымағы­мыз­ды жаңа белеске жетелейді. Біздің өңірімізді ме­кен етіп отырған 13-тен астам түрлі ұлт өкілдері аудан өмірінің әр саласында айтарлықтай еңбек етіп, әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Оның жарқын көрінісін ауданымыздың жыл өткен сайын дамуға бет алып, халықтың әл-ауқатының артқандығынан байқауға болады.
Көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен Ерболат Садырқұлов.
Т.Рысқұлов ауданының әкімі.

Поделиться ссылкой: