Атаулы әлеуметтік көмек – шын мұқтаждарға

519 Views

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік кө­мек тағайындау және төлеу, кепіл­дік берілген әлеуметтік топтаманы ұсы­ну қағидаларының негізінде атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасы атаулы әлеумет­тік көмек туралы ақ­­парат алу үшін тұрғылықты жері бойынша «Халықты жұмыспен қамту» орталы­ғына, ал ор­талық болмаған жағдайда ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
Сонымен қатар, Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің 2021 жылғы 19 наурыздағы хаттамасына сәйкес, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК тағайындауға өтініштерді қабылдау «Электронды үкімет» порталы (egov.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Отбасының әрбір мүшесіне төле­не­тін атаулы әлеуметтік көмек мөлшері, отбасының жан басына шақ­қандағы орташа табысы мен белгі­ленген кедей­лік шегі арасындағы айырма түрінде есептелінеді. Жан басы­на шаққандағы орташа табыс АӘК тағайындауға өті­ніш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
АӘК тағайындауда отбасының еңбекке жарамды мүшесі жұмыс­қа орналасудан бас тартса, АӘК тағайын­­далмайды. Еңбекке қабілетті аза­мат жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқ­татылады. Атаулы әлеуметтік кө­мек алу үшін ең басты шарт – отбасы­ның жұмыс істеуге қабілетті мүшесі жұ­мыс істеуі тиіс. Аз қамтылған отба­сылардың жұмыссыз азаматтарға ба­­ғытталған жұмыспен қамту бағдар­ла­масы аясында АӘК алушыларға бос жұмыс орындары, уақытша жұмыс орын­дары, жеңілдетілген шағын несие, қайтарымсыз грант және қысқа мер­зім­ді кәсіби оқыту ұсынылады.
Жалпы Т.Рысқұлов ауданы бойынша 2022 жылдың 1 сәуіріне «Электрондық үкімет» (egov.kz) порталы арқылы жан басына шаққандағы табыстары күнкөріс деңгейінің кедейшілік шегіне жет­пей­тін 517 отбасыға атаулы әлеуметтік кө­мек тағайындалған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен шартсыз ақшалай көмек алушылар 73 отбасы (332 адам), шартты ақшалай көмек алушы отбасылар 444 отбасыға (2663 адам) жеткен.
Алайда шын мұқтаждарға бері­ле­тін көмекті мұқтаж емес отбасылар да алуды көздейді. І тоқсан бойынша учаскелік комиссияның шешімімен 25 отбасы әлеуметтік көмекті заңсыз ал­ғаны анықталды. Осыған байланысты, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құзырлы органдармен бірлесіп, заңбұзушылықтардың алдын-алу бойынша әрбір ауылдық округте АӘК алушыларды қайта тексеру жұмыстары жүргізілу жоспарлануда.

Марғұлан Мұсаханов,
«Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің сектор меңгерушісі.

Поделиться ссылкой: