Қос ауылдың тұрғындарымен кездесті

438 Views

Сәрсенбі күні аудан әкімі Ерболат Садырқұлов Ақбұлақ ауыл­дық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде Ерболат Салқынбекұлы алдымен ауданда, оның ішінде ауылдық округте атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын игілікті істерді атап өтті.

Дәлірек айтар болсақ, ағымдағы жылы Р.Сәбденов және Қызылшаруа елді мекендерінде жөндеу­ді қажет ететін 6 көшеге асфальт төселетін болады. Сондай-ақ, Р.Сәбденов ауылында спорттық-сауықтыру кешенін, Қызыл­шаруа ауылына мәдениет үйін салу және де аталған ауылдық округте дәрігерлік амбулатория нысанын салу жоспарланып отыр.
Өз кезегінде ауылдың тұрғындары аудан әкіміне көкейде жүрген сауалдарын қойды. Мәселен, балабақшадағы балалар ойын алаңын жаңарту, көше жарығын уақтылы қосу, мектептердің және балабақшаның алдына тиісті жол белгілерін орнату туралы өтініш-тілектерін жеткізді.
Бұдан кейін дәл осындай көшпелі кездесу Луговой ауылдық округінде жал­ғасын тапты. Ауыл тұрғындары тарапынан Теміржолшы көшесіне жаяу жүргін­­шілер жолын салу, балаларға арналған ойын алаңын салу және ауыл­дық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу сынды мәселелер көтерілді.
Айта кететіні, өткен жылы Луговой ауылында ұзындығы 1050 метрді құрай­тын жаяу жүргіншілер жолы салынған болатын. Бұл жұмыстар ал­дағы уақытта да аудан көлемінде өз жалғасын табатын болады.
Аудан басшысы кездесулерде көтерілген сауалдар мен өтініш­тер­­дің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табаты­нын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Мөлдір Тастанбек,
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Поделиться ссылкой: