Мерекелік құттықтау

679 Views

ҚЫМБАТТЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ, МАЙДАНГЕРЛЕР ҰРПАҚТАРЫ!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мемлекеттік мерекелер – батырлардың даңқты рухын ардақтап, Отанға адал қызмет етуді айқындайтын айтулы күндер. Тәуелсіздік тұғырының бе­рік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі – осынау мерекелердің жемісі. Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Сондықтан да бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды. Осыдан 30 жыл бұрын құрылған Қазақстанның Қарулы Күштері еліміздің еңсесін тіктеп, еркіндігімізді кеңейтті. Уақыт талабына сай әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді.
ҚҰРМЕТТІ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР!
Бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып келе жатқан әскери қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз. Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңізге қайсарлық, қажымас денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
ҚЫМБАТТЫ МАЙДАНГЕРЛЕР ҰРПАҚТАРЫ МЕН ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ!
Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытты. Сондықтан Жеңіс күні аға ұр­пақ­­тың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
Бұл – аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі. Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көр­­сет­кен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі. Ел басына күн туып, өмір мен өлім арпа­лыс­­қан қан майданда қазақ жауынгерлері ерекше ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен көзге түсті. Біз бүгінгі ұрпақ өкілдері соғыс құрбандарының өлмес рухына әрқашан да құрметпен бас иеміз.
Біз ерліктері тарих бетіне алтын әріппен жазылған ардақты ардагерлеріміздің өнегелі өмір жо­лын үлгі етеміз. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, бағасы артуда, мәні мейлінше тереңдеп, даралана түсуде. Бү­гінгі ұрпақ оны одан әрі жалғастырып, тәуелсіз Қазақстаны­мыздың өсіп-өркендеуіне зор үлесін қоса береді.
Ерлікке толы тарихи күнде ауданымыздың барша тыл ардагерлері мен майдангер батырларымыздың ұрпақтарына мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілейміз!

Аудан әкімі                                                                                                   Е.Садырқұлов.
Аудандық мәслихат хатшысы                                                                 Е.ӘбутӘлІпов.

Поделиться ссылкой: