Құжаттар «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

294 Views

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына сәйкес, «Электрондық үкімет порталында» Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ, акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету ереженің 3-қосымшасына сәйкес, көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық тіркеу жағдайында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу порталы арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі-ЗТ МДҚ) түсетін хабарлама негізінде жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар мынадай:
1) акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген;
2) жарғылық капиталдағы үлес сенімгерлік басқаруға берілген;
3) шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы ұлғайған;
4) экономикалық қызметтің негізгі түрі өзгерген;
5) басшы өзгерген (басшы тағайындалған, басшының міндетін атқарушы тағайындалған, заңды тұлғаның мүлкін және қызметін басқарушы тағайындалған, басшы лауазымынан шеттетілген);
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жіберіледі.

Т.Рысқұлов аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі.

Поделиться ссылкой: