629 Views
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) бүкіл әлемдегі жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын-алу үшін жылда 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді.
Бұл ақпараттандыру науқаны еңбекті қорғау саласында проблемаларға және еңбек қызметіне байланысты жарақаттардың алдын алып, орын алған жағдайларға елдің назарын аударуға бағытталған. Әлемнің барлық өңірлерінде үкімет, кәсіподақ ұйымдары, жұмыс берушілер және еңбекті қорғау саласының тәжірибелі мамандары Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне іс-шаралар ұйымдастырады.
Осы орайда, ағымдағы жылдың 28 сәуірі күні облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы аудан әкімдерінің орынбасарлары, басқарма басшылары, ірі және орта кәсіпорындардың еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандарының қатысуымен іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында облысымыздың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Есіркепов кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің сақталуы бойынша сөз қозғап, өндірістік жарақаттардың алдын-алу барысында басқармамен атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.
Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша еңбек ұжымдарында 31 семинар кездесулер өткізіліп, оған 352 жұмыскер қатысты. Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында және сайттарда 60 жуық мақалалар жарияланып, еңбек қауіпсіздігіне қатысты басқармамен әзірленген тақырыптық бейнероликтер халық көп шоғырланған жерлерде (ХҚКО, жұмыспен қамту орталықтарында және т.б) LED экрандар арқылы жарияланып келеді.
Облыстағы жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттанушылықтың алдын-алу және болдырмау жөніндегі жол картасы қабылданып, облыстық 26 кәсіпорындарға «Халықтық бақылау» және «Нөлдік жарақат» концепцияларын енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
Осы жұмыстардың нәтижесінде облысымыздың кәсіпорындарында өндірістік жазатайым оқиғалар санының былтырғы жылмен салыстырғанда 50%-ға төмендегенін атап өтуге болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы.
Поделиться ссылкой: