Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
90 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту;»;
2) 28-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «сызылып тасталмаған» деген сөздер «белгіленбеген» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «сызылып тасталған» деген сөздер «белгіленген» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 29-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азамат дауыс берген кезде өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қояды.».
2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 мамыр
№ 119-VII ҚРЗ