Шоқ тілді Шона
33 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумға санаулы күндер, дәлірек айтқанда 12 күн қалды. Референдумның маңызы мен мәнін түсіндіру жұмыстары тұрғындар арасында қарқынды жүргізілуде. Облыстық штаб мүшелерімен қатар ауданның зиялы қауым өкілдері де бұл жұмысқа белсенді түрде атсалысуда.
Сонымен бірге референдум учаскелерінің дайындығы да басты назарда болып келеді. Өткен демалыс күндері облыс әкімдігінен біздің ауданға бекітілген облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Б.Жамангөзов аудандағы барлық референдум учаскерлерінің референдумға дайындығын зерделеді. Ауданда 35 референдум учаскесі бар. Қазіргі күні оның барлығы толығымен дайын десек болады. Дегенмен, референдумға дайындық жұмыстары әлі де болса жалғасуда.
Учаскелік референдум комиссиялары сайлаушылардың тізімін нақтылауды жүргізуде. Барлық референдум учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, телефон байланысы, интернет желісі толықтай жұмыс істеп тұр. Б.Жамангөзов сонымен қатар, референдум учаскелерінің 5 маусым күні заң талаптарына сай электр энергиясының қосымша көздерімен қамтамасыз етілуіне, өрт қауіпсіздігін, санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігіне баса назар аудару керектігін айтып өтті. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға дауыс беруге жағдай жасалынуы қажеттілігін және референдум өткенше референдум учаскелері орналасқан мектептерде жөндеу жұмыстары тоқтатыла тұратындығын да ескертіп өтті.
«Құлан таңы» ақпарат.