Мерекелік құттықтау

392 Views

Қадірлі ұстаздар мен ата-аналар!
Құрметті мектеп бітіруші түлектер!
Сіздерді Соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Соңғы қоңырау мерекесі – мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Бұл күн мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт.
Биыл, 2021-2022 оқу жылында ауданымызда 804 түлек мектеп бітіргелі отыр. Оның ішінде: 40 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 39 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.
Қазіргі таңда елімізде жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне айрықша назар аударылып, олардың сапалы да заманауи білім алып, үлкен азамат болулары үшін барынша жағдай жасалып келеді. Осы ретте сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы ұлағатты ұстаздардың еңбегі орасан зор.
Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз!
Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер!
Бүгін Сіздер балалықтың бал шағын артқа тастап, үлкен өмірдің табалдырығын атта­ғалы отырсыздар. Осы жауапты кезең­де өздеріңіздің 11 жыл бойы алған білімдеріңізді дұрыс қолданып, дұрыс таң­дау жасауларыңыз аса маңызды.
Себебі екі нәрсе өмір бойғы еңбегіңнің бос­қа кетпеуін қамтамасыз етеді: өз ісіңде қабілетті болу және жақсы көретін жұмы­сыңмен айналысу. Сондықтан, әрдайым сын сағаттан сүрінбей өтіп, өздеріңіз қалаған оқу орнына түсіп, ел игілігі үшін қызмет ететін ма­ман болуларыңызға тілектеспіз!
Ел сенімін, үлкендер үмітін ақтай­мын деген талаптарыңызға нұр жауып, алда­рыңыздан болашақтың даң­ғыл жолы ашылсын! Әрқашанда денсаулық­тары­­ңыз мықты, келешектеріңіз кемел, бола­­шақ­тарыңыз нұрлы болсын!
Үл­­кен өмірге басқан қадамдарыңызға сәттілік тілей­міз!

Аудан әкімі Е.Садырқұлов.
Аудандық мәслихат хатшысы Е.ӘбутӘлІпов.

Поделиться ссылкой: