Ботулизмнің алдын алу
36 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Балалықтың бал дәуренін артқа тастап, болашақты бағамдайтын сәт келді. Он бірінші сынып. “Мамандық таңдау” атты өмірлік жолға бағыттайтын ұғым санамызда қалықтап жүр. Жыл басында «Қандай мамандық таңдайсың?» деген тосыннан сауал қойғанда кідірместен:
– Журналист боламын, – деп қойып қалғаным бар. Менің аталмыш мамандықты таңдауыма мұрындық болған ұстазым Ұлжан Абдраимова болатын.
Ұлжан Абдраимова «Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ» деген Мағжан Жұмабаевтың сөзін жұқамыр жүрекке берік сақтаған ұстаз. Ол аудан бойынша білімі мен шығармашылық потенциалын өзгелерге ұқтырып жүрген ұстаздардың бірі. Оқу тәрбие ісіндегі инновациялық процестерді жаңашылдыққа бағыттаушы, жаңашылдықтың жүзеге асуына жағдай жасаушы ол әрине – мұғалім.
Ұлжан Абдраимова біз секілді жаңа ғасыр буынына білім нәрін дарытып, «өзгелердің қатарынан қалдырмасам екен» деген ниетімен ұстаздық жолда еңбек етіп жүрген білікті педагог. «Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең – құл болмақшы» дейді ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлы.
Ұлжан әпкей мақсат пен міндетті жалау етіп, өзінің тірнектеп жинаған тәжірибесін, үйренген тағылымын оқушыларға үйрете жүріп, барлық оқушымен тығыз байланыста болып, олардың қателігін жаймен түсіндіріп, жетістіктерін айтып, қуантып отыратын ерекше ұстаз.
Ұлжан ұстаз алдынан бір-біріне ұқсамайтын, әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған шәкірттердің барлығын бір арнаға бағындырып, «тентек» деген шәкірттің өзін өз пәніне қызықтыра алады.
Осынау еңбекқор, ортасына сыйлы, ісі мерейлі, жаны жайсаң шынайы жан, өзі қызмет ететін ортада да сыйлы. Жас буынға деген мейірім шуағы төгіліп тұрады. Ол өзінің шәкірттерінің бойына елжандылық қасиеттерді дарыта білді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, өмірде сыпайы да сырбаз, сабырлы қалпынан айнымаған, жан-жағына шапағатын шашып жүретін, биік парасатты, адамгершілігі, қайырымдылығы мол Ұлжан Абдраимова секілді ұстаздар қатары лайым көп болса екен деймін.
Мейірім Кәкен,
№1 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.