Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздігі

477 Views

Су – тіршілік көзі және табиғаттың берген сыйы. Суды күнделікті тұрмыста әртүрлі қажеттілігімізге пайдаланамыз. «Су сенің досың және қасың», судың адам өміріне және денсаулығына маңызы өте зор. Суда адамдар емделеді, тынығады, денсаулығын жақсартады. Бірақ, адам өміріне де қауіпті әсерлері бар.
Ауа температурасының көтерілуіне байланысты ауданымыздың кей жерлерінде суға шомылу маусымы басталып кетті. Отбасылық мерекелерді, серуендеуді табиғат аясында, өзен-көлдер жағасында тамашалағанға не жетсін? Демалысты қызықты, әрі есте қаларлықтай өткізу үшін демалушылар міндетті түрде суға шомылады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де, дұрыс сақтамайды. Балалар тұрмақ, үлкендердің өзі қауіпсіздік ережелеріне аса қатты мән бере бермейді. Соның салдарынан әртүрлі оқыс жағдайлар жиі кездесіп жатыр.

«Су тілсіз жау» екенін ескере отырып, келесі ережелерді қатаң
түрде есте сақтаған жөн:

Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
Қоршау белгілерінен, тысқары аумаққа шықпаңыз.
Жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке бармаңыз;
Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз;
Мас күйде суға шомылуға болмайды;
Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз;
Шомылғанда автокөлік доңғалағы камерасын, тақташаны, допты, үрлемелі матрасты т.б. қолданбаңыздар.
балаларды қараусыз қалдырманыздар.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

Поделиться ссылкой: