Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағы

1 224 Views

Рухани жаңғыру – туған жер тұтастығы мен ел болашағы

 Биылғы білім күнінің алғашқы сабағы аталған тақырыпта өрбіді. Білім күні ауданымыздағы барлық орта мектептерде салтанатты түрде аталып өтті. Соның ішінде жуырда ғана мектеп-гимназия статусын алған Құлан орта мектебіне барып, сағынышпен қауышқан ұстаздар мен оқушылардың қуанышына куә болдық. Сегіз жүздей оқушысы бар мектепке биыл тоқсанға жуық 1 сынып оқушылары қабылданыпты. Мектеп директоры Айсұлу Ембердиева сөйлеген сөзінде мектептің білім сапасы жылдан жылға жақсарып келе жатқандығын жеткізді.

 – Межелі міндеттің бірі – ҰБТ көрсеткішін 80 балға жеткізу болса, мектеп көрсеткіші 85,7 балды құрады. Мектеп бітіруші отыз түлектің жиырма тоғызы жоғары және орта оқу орындарына түсіп, оқумен толықтай қамтылды

 десек болады. Оның ішінде 13 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды. Бұны мектеп ұстаздары мен ата-аналардың тынымсыз еңбегі деп бағалаған жөн.

Еліміздің өсіп-өркендеуіне біздің шәкірттеріміз бен ұстаздарымыздың қосар үлесі сапалы білім мен саналы тәрбие болмақ. Себебі, Құлан

Елді орта мектебі мектеп –гимназия статусын алды. Әлемдік білім беру кеңістігіне шығуды қамтамасыз ететін гимназиялық білім беру арқылы адамның тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, өмірлік позициясын қалыптастыру  мақсатын көздейтін мектеп- гимназиясында 1-5 сыныптар аралығында гимназия-сыныптары ашылады. Онда қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер тереңдетіліп оқытылады, — дей келе жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, Қазақстан  Республикасы білім беру ісінің үздігі Әмзе Тәжіковтер де сөз сөйлеп, шәкірт тәрбиелеудегі ұстаздар қауымына артылар жүктің салмақты екенін атап өтті. №1 мектеп-лицейінде өткен білім күніне аудан әкімінің орынбасары Манарбек Тлепов арнайы барып, аудан әкімінің құттықтауын жеткізді. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндер Абай Қырғызбай мен Айым Таңсық алғашқы қоңырауды соққан соң мектеп оқушылары өз сыныптарына жайғасып, білім күніне арналған тақырыптық сабақтарын өткізді.

М.СЕЙДАШЫМ.

Поделиться ссылкой: