Аудан әкімдігінің алқа мәжілісінен

670 Views

Абаттандыру айлығы басталды

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Асқар Қырықбаевтың төрағалығымен алқа мәжілісі болып өтті. Онда күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары пысықталды.

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Дауытбековтың айтуынша күзгі екі айлық кезінде тал-дарақтар және жас көшеттер отырғызылып, елді

 мекендерде тазалық жұмыстары жүргізіледі. Көлік және жаяу жүргіншілер жүретін жолдарды, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру, жарнамаларды жаңарту, ескерткіштерді, шағын сәулет нысандарын ретке келтіру жұмыстары да осы екі айлық барысында атқарылатын болады.

Ақыртөбе, Луговой орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерге орман питомниктерінде қажетті

 көлемде көшеттер отырғызу шараларын жүзеге асыру ұсынылса, ауылдық округ әкімдері кездейсоқ жерде күл-қоқыстардың тасталуына жол бермеу үшін арнайы күл- қоқыс тастайтын орындарға бағыттаушы, тыйым салатын белгілерді орнатуы қажет.

Жиында өзге де өзекті мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.

Поделиться ссылкой: