Сенбілік жұмыстарына қатысты
27 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет» деген болатын. Осы орайда, Елбасымыздың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ел аумағында қыруар шаруалар атқары лып жатқандығы шығар күндей шындық дер едік. Бір жағынан осындай зор сеніммен айтуымызға білім күніне орай, Көгершін ауылындағы Ақтоған орта мектебінде ашылған IT сыныбы да себепші болғаны анық. Дамыған отыз елдің қатарына ену үшін «Нұр Отан» партиясы тарапынан көптеген игі істер жасалып келеді. Ақтоған орта мектебінде ашылып отырған IT сыныбы бас партияның бастамашыл жобасы аясында атқарылған ілкімді істердің бірі екен. Бұл қуанышқа арнайы барып, ортақтасқан аудан әкімі Асқар Қырықбев, облыстық қоғамдық Кеңестің мүшесі, облыстың Құрметті азаматы Сембек Сейдәзімов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков мектеп мұғалімдері мен шәкірттеріне жаңа оқу жылында мол табыстар тіледі. Асқар Санатұлы өз сөзінде:
– Мен 2006 жылы Жапонияда болдым. Сол жылы күн шығыс елінде дүниежүзілік EXPO көрмесі өткен еді. Сонда мен адам қолымен жасалатын істерді роботтардың жасап жатқанын көрдім. Бұл түбі біздің елге де қелетін құбылыс. Сондықтан оқушыларымыз робототехника саласын мықтап меңгергені жөн. Оның үстіне, бабаларымыздан «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген аталы сөз қалған. Жастарымыз білімді әрі жан-жақты болса, дамыған отыздыққа міндетті түрде енетін боламыз,-деді. Ал, жаһандық дәуірде барлығы компьютер арқылы жүзеге асырылатынын сөз еткен облыстың Құрметті азаматы Сембек Әбтайұлы бұл сыныптан ауданға облысымызға, қала берді әлемге танымал білікті мамандар шыға берсін деген ақжарма ниетін жеткізді. Реті келгенде айта кетейік, IT бұл – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман деген ұғымды білдіреді. Қазірдің өзінде Аяулым Маратбек, Диана Маликова, Айбек Байшемиров, Бекболат Шәкен және Нұрбек Дүйсенбек сынды мектеп оқушылары аталмыш салаға өз қызығушылықтарын танытып отырған көрінеді. Ескерте кететін жайт, бұл сыныпта тек 8 бен 16 жас аралығындағы оқушылар тәлім алады. Әзірге 4 топтан жасақталған 40 оқушыға жоғары білімді Серік Айтбаев, Мұрасбек Байшемиров және Бағдат Баягизов сынды мектеп ұстаздары дәріс бермек.
Аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Еркін Сейтжапаровтың сөзінше биыл ауданымызда дәл осындай жаңа 18 IT сыныптары ашылады. Оның 7-еуі орта, 3-еуі негізгі және 8-і бастауыш мектептері екен.
Марат ДИХАНБАЙ.