Содан кейін мемлекет басшы­лары­ның қатысуымен ресми делегациялардың мүше­лері мынадай құжаттарға қол қойды:

646 Views

1. Қазақстан Республикасының Алматы облысының әкімдігі мен Қырғыз Респуб­ликасы Президентінің Ыстықкөл облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастықты нығай­ту­ға байланысты келісімді жасасу ниеті туралы хаттама.
2. Қазақстан Республикасы Түркіс­тан облысының әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Ош облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
3. Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Талас облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
4. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігі және «JOINT TECHNOLOGIES» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі арасын­дағы «Ақ тілек» және «Қарасу» авто­жол өткізу пункттері ауданындағы индустриялық сауда-логистикалық кешен инфрақұрылымына инвестиция тарту туралы меморандум.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қырғыз Республикасының Ауыл шаруа­шылығы министрлігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті арасындағы шекара маңы аумақтарында табиғи өрт­тердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі үкіметаралық келісім.
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті арасындағы Авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті арасындағы 2006 жылғы 4 шілдедегі Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.
9. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 1996 жылғы 26 тамыздағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама.
10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Респуб­ликасының Сыртқы істер ми­нистрлігі арасында Дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл то­луына орай 2022 жылға арналған Сыртқы істер министрліктері арасын­дағы Бірлескен іс-шаралар жоспары.
11. Қазақстан Республикасы Қара­ғанды облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Шу облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
12. Қазақстан Республикасы Ақ­төбе облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Баткен облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
13. Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы Президентінің Жалал-Абад облысындағы өкілетті өкілінің аппараты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

AKORDA.KZ

Поделиться ссылкой: