АДАМ ҚАДІРІ – ҚОҒАМНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ӨЛШЕМІ
29 ViewsАдамды құрметтеу оның лауазымына, әлеуметтік жағдайына немесе қоғамдағы орнына байланысты болмауы керек. Әрбір адамның өзіне тән қадір-қасиеті, ар-намысы және жеке шекарасы бар. Оны бағалау…
«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді қазақ халқы. Бар жақсыны балаға арнаған кеңпейіл еліміз мұқтаж жандарды, көп балалы отбасыларды назарынан тыс қалдырған емес. Білім беру саласы да осы бағыттағы жұмыстардың ұйытқысы болып келеді.
Жуырда аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы республикалық «Мектепке жол» акциясына атсалысты. Кәсіподақтың атқару комитетінің 2018 жылғы 10 тамыздағы №54 хаттамалық шешіміне сәйкес «Мектепке жол» жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы бойынша аз қамтылған, көп балалы кәсіподақ мүшелерінің отбасыларынан шыққан 12 оқушыға көмек көрсетілді. Өтініш берген ата-аналардың сұраныстарына сәйкес балаларға мектепке қажетті киімдер мен оқу құралдары тапсырылды.
А.БАЙМҰРАТОВА,
аудандық білім беру қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының төрайымы.