Шоқ тілді Шона
33 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде 30 тамыз – Конституция күні мерекесіне арналған «Егемен елім – айбыным, Ата заңым – тірегім» атты салтанатты жиын өтті. Мемлекеттік Гимнмен ашылған жиынның алғы сөзін аудан әкімі Асқар Қырықбаев алып, құттықтау сөз сөйледі.
– Бұл күн халқымыз үшін аса қастерлі ең ұлық мереке. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Конституция қазақ елінің өркендеуі мен өрлеуінің негізі» деген қанатты сөзі бар. Біз тәуелсіз, еркін, гүлденген елде өмір сүрудеміз. Өзге аймақтармен қатар біздің аудан да тұрақты даму үстінде. Ұлтаралық татулығымыз нығая түсті. Осы жетістіктеріміздің барлығының негізгі діңгегі Ата Заңымызда жатыр,- дей келе аудан тұрғындарын қастерлі мерекемен құттықтап, ынтымақ, бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, мерекеге орай «Қайқы» шаруа қожалығының басшысы Сәтжан Мамырбаевты Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, «Эконом+» шағын маркетінің иесі, жеке кәсіпкер Гүлзада Нишанованы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, ауданның дамуы мен өркендеуіне ұзақ жылдар елеулі үлес қосып жүрген бірнеше қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті. Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
«Құлан таңы» ақпарат.