Қазақстан республикасы президентінің жарлығы

261 Views

2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы
Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабы­ның 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн.
2. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Респуб­ли­касының Конституциясына өзгерістер мен толықты­руларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.
3. Осы Жарлық және «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мем­лекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы орган­дарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйым­дастыру мен өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қол­данысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 мамыр
№ 888

Поделиться ссылкой: