Жаңа есімге кімді ұсынасыз?

614 Views

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

 Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі іске асырылуда.

Жобаның мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім, ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, денсаулық сақтау, спорт салаларының ілгерілеуіне айырықша үлес қосқан жандардың нақты тарихы табыстылық, қабілеттілік, және құштарлық насихаттау, ерекше талантымен, әскери және құқық қорғау саласындағы ерлігімен көзге түскен және қайырымдылық қызмет жасаған, меценаттық көмек көрсеткен, өз әрекеттерімен жастарды патриотизм мен туған жерге деген адалдыққа тәрбиелеуге үлгі бола білетін, осы арқылы тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына белсенді атсалысып жүрген жандарды тануы қажет.

 Қазіргі таңда республика бойынша үміткерлер жинақталуда.

Жобаға іріктеу жұмыстарын аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі жүргізеді. Байланыс телефоны 2-12-68. Сонымен қатар жобаға сәйкес берілетін ұсыныстар ovp_ryskulov@mail.ru электрондық поштасына жолдануы тиіс.

Сондай-ақ, жоба туралы толық ақпаратты арнайы «100esim.el.kz» ресми сайты арқылы танысып, жобаға қатысуға мүмкіндіктеріңіз бар.

Әрбір қазақстандық өзінің тарихи жетістігімен бөлісіп немесе өздігінен үшінші тұлға тарапынан жобаға ұсыныла алады. Еліміздің беймәлім қаһарманын еліміз тануы тиіс!

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі.

Поделиться ссылкой: