Байқауға іріктеу басталды

359 Views

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 2018 жылы ауданымыздан Ниязқұловтар отбасы қатысып, республикалық кезеңде топ жарған болатын. Содан кейін қатысқан Бекқұлы әулеті де облыста жеңімпаз болды. Ардақты ағайын, байқау шарттарына зер салыңыз. Сіздің де жеңімпаз атануға толық мүмкіндігіңіз бар.

«Мерейлі отбасы – 2022» Ұлттық конкурсының аудандық (қалалық) кезеңіне 15 мамыр – 15 маусым аралығында өтініштер қабылдау жүргізіледі.
Конкурстың ұйымдастырушылары: Тараз қаласы және аудан әкімдіктері.
Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға конкурстың басталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап бір ай ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Толық ақпаратты аудан (қала) әкімдігінің ішкі саясат бөлімдерінен немесе аудан (қала) әкімдігінің ресми сайттарынан алуға болады.
Анықтама телефондары: 8 (7262) 45-99-90.

Поделиться ссылкой: