Бұл — менің туым

664 Views

«Таласқа түссе жан мен Ту,
Жан емес маған керегі —
Көк Тудың желбірегені». Ақын Алмас Ахметбекұлының өлеңі бұл. Әттең, осы өлеңдегі нәрлі сөздердің мағынасын «Shiza» секілді әншісымақтардың жетесіне жеткізер кім бар екен… Әй, санасы төмен адамға айттың не, айтпадың не?!
Мынадай бір әпсана оқып едік осыдан бірер жыл бұрын. Заманында Испания Канаданы жаулап алған кезде, сондағы үндіс халқының саны 15 миллион болыпты. Отарлаушы елдің жасаған озбырлықтарынан бірте-бірте бұл меже азайып, осыншама халықтан 800 мың үндіс тірі қалыпты. Енді мына құдіретке қараңызшы. Әлгі қазақи сөзбен айтқанда «Қойдың қарғысын қасқыр естімесе де, Құдай естиді» дегеннің айқын көрінісі. Сол 800 мың үндістің ішінен бір адам әлемге танымал миллиардер атаныпты. Сол миллиардер үндіске мына біз секілді журналист сұрақ қойған екен. Сонда ол:
– Мен осы жиған-терген байлығымның барлығын елімнің Азаттығы үшін тәрк етуге дайынмын, – деп жауап берген көрінеді. Қазақтың да көрген құқайы аз болған жоқ қой. Құдайға шүкір, қаншама зұлмат жылдарды бастан өткерсек те, ақыры тәуелсіздіктің тәтті самалын сездік. Яғни, ата-бабаларымыз аңсаған Азаттыққа қол жеткіздік. Ал Азаттықтың негізгі нышаны – Мемлекеттік Рәміздер емес пе? Ол – еңселі Елтаңбамыз, қасиетті – Көк Туымыз. Біздің елдегі бай-бағландар мен әншісымақтар әлгі үндіс секілді тасқа қашалып жазылған тарихымызды түйсікке емес, жүрек төрінде сақтаса ғой, шіркін! Әрине, біреуге күшпен ештеңе істете алмайсың. Ол оны жүрек қалауымен істеуге тиісті.Мемлекеттік Туымызға да дәл сондай көзқараспен қарау керек. Құдай әмәндә Көк туымызды – зеңгір көк аспанда желбіретсін.

Поделиться ссылкой: