Заңды тұлғаларды онлайн тіркеу

353 Views

ЖШС ашу үшін ісін жаңа бастаған қазақстандықтарға жарғы ұсынудың,тіркеу жарнасын төлеу немесе салық басқармасына барудың қажеті жоқ. Қазір заңды тұлғаларды тіркеу мемлекеттік қызметі толық автоматтандырылған. Тек компьютер мен ЭЦП болса болғаны.
Егер egov.kz порталында келесі нұсқауларды орындасаңыз, жарты сағатта кәсібіңізді тіркей аласыз:
– «Кәсіпкерлікті тіркеу және тарту» бөлімде қажетті тіркеу түрін таңдау керек;
– Құрылтайшы кәсіпкерлік қызметін бастағаны туралы тіркеуші органға хабарлама береді;
– Тиісті жолдарды толтырғаннан кейін жүйе барлық деректердің дұрыстығын тексеруді сұрайды.
Бәрі дұрыс болса, жүйе ақпаратты өңдеп, 30 минут ішінде ЖШС тіркелгені туралы анықтама береді. Шағын және орта бизнес үшін бұл қызмет тегін.
Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы.

Поделиться ссылкой: