Ағаш көшеттері отырғызылды
38 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Дәріс барысында С.Б.Айтжанов өз сөзінде бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық сөзі кең таралған және біздің мемлекетіміздің жаһандық проблемасы ретінде қарастырылатынын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін қазіргі қоғамның теріс құбылысы болып табылатынын айтты.
Дәрістің мақсаты: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормативтік-құқықтық актілерін түсіндіру.
Сыбайлас жемқорлық — мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына және рухани мәдениетіне қауіп төндіретін жүйелі қатер болып табылатыны сөзсіз.
Бүгінгі күні, елімізіде өзекті болып отырған, ол мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қарастырылған, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр бір азаматтың санасында қалыптастырылып, рухани жаңғыруымыз қажетті.
Жамбыл облысы Әділет департаментінің
филиалы «Т.Рысқұлов ауданаралық сот
актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің»
басшысы – аға сот орындаушысы
С.Айтжанов