Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Тоқсаныншы жылдардың аяғында Болтай батыр атындағы орта мектепте Мырзакүл есімді мұғалім болды. Химия пәнінен жоғары сыныптарға сабақ беретін. Өзге сыныптың оқушыларынан «Мықты мұғалім, сабақты жақсы түсіндіреді» дегенді жиі естуші едік. Бірақ, Мырзакүл әпкей бізге сабақ берген жоқ. Бүркіт ағайдан дәріс алдық.
Біз мектеп бітіргелі де жиырма жылға жуықтап қалыпты. Қазір көрсем танымайтын шығармын деуші едім іштей. Жоқ. Жүзін аздап әжім торлағаны болмаса өзгермепті. Сол баяғы оқушы кезімде көрген таныс бейне.
Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп жанында кездейсоқ жолығып қалдық. Ол кісі аталған мектепте еңбек етіп, құрметті демалысқа шығып жатыр екен. «Мұғалімдік қызметке келгенім күні кеше ғана секілді еді, көзді ашып жұмғанша отыз бес жыл өте шығыпты» дейді ағынан жарылып. Осы жылдар ішінде жоғары білікті ұстаз көптеген жетістіктерге жете білді. Оның білім саласындағы еңбектері Республикалық басылымдардан бөлек, шетелдік газет-журналдарда да жарық көрді. Өзінің ізін қуып, бүгінде химия пәнінен сабақ беріп жүрген шәкірттері аз емес. Дәл химияны таңдамағанымен үлкен қызы Тараз қаласындағы Абай атындағы Педагогикалық колледжде ағылшын тілінен сабақ берсе, үшінші қызы Ушинский атындағы орта мектепте мұғалім деген ардақты атқа кір келтірмей келеді. Екінші қызы ғана экономика саласын таңдады демесеңіз, сүт кенжесі Нұрбек Асқар Парасат колледжінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде оқып жүр. Ұл-қыздарын ұстаздыққа баулыған кейіпкеріміз өзінің білім саласына қалай келгенін еске алды.
– Сарысу ауданының Жайылма совхозында Жайылма сегіз жылдық мектепте оқыдым. Нағашы атам Әбдірәшімнің кіндігінен тараған екі қызы ғана болды. Мен ең үлкен қызының екіншісі едім. Нағашы ата-әжемнің бауырында өсіп, солардың алданышы болдым. Атам бақуатты кісі болса да, «Балам менің малым саған керек болмайды, саған білім керек» деп сабақты жақсы оқуымды қадағалады. Атамның «Мұғалім бол» деген өсиетін орындап, Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы қазақ педагогика институтына оқуға түстім, -деген ұлағатты ұстаз соңғы курста оқып жүрген кезінде Асқар Тоқабаев ағамызға тұрмысқа шығады. Еңбек жолын ең алғаш 1983 жылы Құмарық ауылы, Болтай батыр атындағы орта мектептен (Бұрынғы Карл Маркс колхозы, Карл Маркс мектебі) бастайды. Арада бір жыл өткен соң Мойынқұм ауданына жолдасының жұмысы бойынша көшіп барып, сонда он үш жыл қызмет етеді. Елге оралған соң, Болтай батыр атындағы орта мектепке қайта келіп, бес жылдай ұстаз болды. Ал одан кейінгі жылдары қазіргі Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектепте абыроймен еңбек етіп келді. Күні кеше мектеп ұжымы әспеттеп зейнеткерлікке шығарып салыпты.
Мереке СЕЙДАШЫМ.