Бизнес субъектілеріне конституциялық реформалардың маңыздылығын түсіндіруде

315 Views

Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілеріне конституциялық реформаларды түсіндіруде.
Референдумның маңыздылығы қоғамның барлық санаттарына саяси реформаларды жүзеге асыруға қатысуға мүмкіндік береді. «Жаңа Қазақстан» – бұл жай ғана ұран емес, біз үшін бұл – жаңа қоғам құру қағидаты.
Елдің негізгі заңына түзетулер енгізу жөніндегі референдумның басталуына санаулы күн қалды.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бұл оқиға тек 1995 жылы болды. Қолданыстағы Конституция қабылданған кезден бері оған өзгерістер мен толықтырулар бес рет енгізілді. Бұл ретте бәрі тек Парламент арқылы шешілді.
Конституциялық реформаларды түсіндіру жөніндегі облыстық штаб – бұл идеяны әрбір қазақстандыққа жеткізудің маңызды екенін атап өтті. Осы мақсатта облыстық кәсіпкерлер палатасы өңір кәсіпкерлерімен түзетулерді түсіндіру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, референдумға мемлекет Конституциясының 33 бабына түзетулер енгізу мәселесі шығарылады, бұл мемлекеттің саяси тәртібіне елеулі өзгерістер әкеледі.

Поделиться ссылкой: