Келелі жиын өтті
22 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ!
Сіздерді бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
БАҚ – билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір. Жұртшылық мерзімді басылым, теледидар, радио, әлеуметтік желілер арқылы өмірде болып жатқан алуан түрлі оқиғалардан хабардар болып, мемлекеттік органдардың қызметі туралы біліп отырады.
Аудандық «Құлан таңы» газетінің ұжымы тәуелсіздік жылдарынан бастап әлеуметтік-экономикалық салалардағы өркенді өзгерістерді тұрғындарға жеткізуде ерекше еңбек сіңіріп келеді. Мемлекет мүддесі, ұлт мұраты мен ұрпақ болашағына бағытталған мақалалардың деңгейі артып, көкжиегі кеңеюде.
Алдағы уақытта да аудандық газет ауданымыздың өсіп-өркендеуі мен кемел келешегін нығайту жолында үлес қоса береді деген сенімдеміз.
Бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күні – газет пен журнал, теледидар мен радио, полиграфиялық сала қызметкерлеріне ортақ мереке. Бұл – тек журналистер үшін ғана емес, сонымен бірге кадр сыртындағы жандар мен газет-журнал беттерін дайындайтын мамандар үшін де маңызы зор күн.
Журналистер қауымына жаңалықтарыңызбен қуантып, қаламдарыңыз мұқалмай әрқашан да шығармашылықтарыңыз шыңдала беруге шын жүректен тілектеспіз.
Бүгінгі кәсіби мерекеде игі бастамаларыңызға табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
Аудан әкімі Е.Есіркепов.
Мәслихат хатшысы Е.Әбутәліпов.