Жеңілдетілген несие бағдарламасына журналистер де қатыса алады
Облыста жаңа бастама ретінде Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасын ағымдағы жылдың шілде айында іске қосуды жоспарлап отырмыз.
Жоба өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жас отбасыларға қолдау мақсатында дайындалды.
Бағдарламаны әзірлеуде облыстың ерекшеліктерін ескере отырып және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында оң нәтиже берген пилоттық бағдарламалар негізінде алынды.
Бұған дейін облыста жастар мен жас отбасыларды тұғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бағдарлама болмаған.
Қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарға ипотекалық кредиттеудің әртүрлі құралдары («7-20-25», «Баспана-хит», «Әскери Баспана», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ» 5-10-20 және т.б) қарастырылған.
Жалпы облыста тұрғын үй алуға кезекте – 7 140, жер телімін алуға кезекте тұрған – 10 787 жас бар.
Өткен жылы ипотекалық несие рәсімдеген жастар саны – 318 (2020 жылы-395) клиентті құраған.
Бағдарламаға жергілікті бюджет есебінен 500 млн. теңге бөлінді.
Бағдарлама «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінде қолдау тапты.
Жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы 13 млн. теңгеге дейін. Несие беру уақыты – 19 жыл. Пайыздық мөлшерлеме – 5%, бастапқы жарна – 5%. Қамту – 50 адам.
Облыста 13 млн. теңгеге дейін 1 744 пәтер болса, 1 110 тұрғын-үйдің бар екендігі анықталды.
Бағдарламаға төмендегі қызмет салаларында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі ҚР азаматы қатысады және негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады:
– Денсаулық сақтау саласы: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Жамбыл облысында орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік (мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес (оның ішінде, ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) ұйымдарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері;
– Білім беру саласы: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік (мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес (оның ішінде, ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары және ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері;
– Мәдениет саласы: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік (мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес ұйымдардың (оның ішінде, ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) бейінді қызметкерлері;
– Спорт саласы: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік (мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес (оның ішінде, ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) ұйымдарда қызмет ететін спортшылар және жаттықтырушы-оқытушылар;
– Журналистика саласы: техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Жамбыл облысында орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарының (оның ішінде, ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) қызметкерлері;
Сонымен қатар, «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрағасы мен облыс әкімі арасында ынтымақтастық туралы екі жақты келісім жасалды.
Облыс әкімдігі, Бағдарлама әкімшісі (жастар саясаты мәселелері басқармасы) және «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында үш жақты несие шартына а.ж. 23 маусымы күні қол қойылды.
Тиісті мекемелер алдағы уақытта қажетті шараларды іске асыратын болады.
Мәселен, 2022 жылдың 24 маусымы мен 20 шілдесі аралығында ақпараттық түсіндіру — насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Ал, 21 шілде мен 30 шілде аралығында құжаттар қабылданады.
Құжаттар қабылдау e-zhambyl.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның өңір жастары үшін маңыздылығын ескере отырып, келесі жылы бұл жоспарды ұлғайту көзделуде.
Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады.
Е.Үйсімбаев,
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.