100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылған

441 Views

Пробация қызметінің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі істі болған азаматтарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация қызметі осы бағытқа дәл келеді. Пробация сөзі «сынау, байқау» деген мағынаны білдіреді. Сынаудың негізі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың бәрін орындауы керек. Осылайша байқаусызда сүрінгендер болса, оларды түрмеге қамамай, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беру.
Қазіргі таңда Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі бөлімінде 4 сотталған азамат 100 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын өтеп жатыр. Олар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда күніне төрт сағаттан асырылмайтын қоғамдық жұмыстарға тартылған.
Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметкерлері сотталғандардың жұмыс орнын жүйелі тексеруде. Сотталған азаматтар ауылішілік көшелерді тазалау, қоғамдық объектілер, саябақ, стадион, ескерткіш, ауылдың кіреберісін жинау секілді жұмыстарды атқарып жатыр. Сондай-ақ, тұрақты күл-қоқыс тастайтын орынға да тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Ж.Нұрғали,
аудандық пробация қызметінің аға инспекторы.

Поделиться ссылкой: