Пилоттық жобаның нәтижесі баяндалды

410 Views

Кеше аудан әкімі Ернар Есіркеповтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Аппараттық жиын аудан әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім басшыларының қатысуымен өтті.
Кеңестің күн тәртібінде КВИ-дың алдын алу мәселелері жөнінде ау­дандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жұманқұлова Раушан Көшербекқызы баяндама жасаса, мал жайылымы және қолдан ұрықтандыру мәселелері туралы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі­нің басшысы Жанадилов Досмұханбет Сыдықбайұлы баяндама жасады. Олар атқарылып жатқан жұмысты толық баяндап, нәтижесімен бөлісті.
Сондай-ақ, жиында аудан әкімдігі­нің ауылшаруашылығы бөлімінің бас­шысы Биғазиев Темірғали Нәдірұлы да баяндама жасады. Ол тұрғын­дар­дың тұрмыстық табысын арттыру бағытын­да қолға алынған пилоттық жобаның іске асырылу барысын баяндап, несие алып тірлігін бастаған отбасылар ту­ралы мағлұмат берді.
Кеңес барысында күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жауап­ты сала басшыларына тиісті тап­сыр­малар жүктелді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: