33 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Тұрғындар тілегі: Көгілдір отын, ауыз су және арзан азық-түлік…
578 Views
Өткен аптаның жұмасында аудан әкімі Ернар Есіркепов тұрғындарды жеке сауалдарымен қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың көтерген мәселелерінің ауқымы кең. Оның ішінде, Шолаққайыңды ауылына көгілдір отын кіргізу, көше жарығы, ауыз су, интернет мәселесі, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, баспана салуға жер телімін алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі сияқты сауалдармен қайырылды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің бірқатары кездесу барысында шешімін тапты. Ал, кейбір сауалдар бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмалар беріліп, өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатыны айтылды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

