Ағаш көшеттері отырғызылды
64 ViewsТазалық – әр адамның жеке жауапкершілігі. Біз өз ауламызды, көшемізді таза ұстасақ, өмір сүру сапасы да айтарлықтай жақсарады. Өткен сенбіде «TazaLike» жобасы шеңберінде «Болашақты…
Жалпы көлік құралы 4-6 минутта толығымен жанып кетеді. Сондықтан, сіз осындай өртке жақын болсаңыз, оқиға орнынан қауіпсіз қашықтықта болғаныңыз дұрыс. Шамамен радиус бойынша 10-15 метрге тезірек кетіңіз. Өйткені, автокөлік тұтанған кезде жанармай багы жарылуы мүмкін. Автокөліктің өрт қауіпсіздігі оның иесінің қырағылығы мен жауапкершілігіне, ережелерді сақтауына және пайдалануға байланысты. Сонымен қатар, маңызды қауіпсіздік шарты автомобильде жұмыс істейтін өрт сөндіргіштің болуы болып табылады. Ең тиімді өрт сөндіргіштер – ұнтақты өрт сөндіргіштер. Олар әртүрлі жанғыш заттарды, сондай-ақ кернеу астында тұрған электр жабдықтарын сөндіруге мүмкіндік беретін арнайы құраммен толтырылған. Өрт сөндіргішті тек мамандандырылған дүкендерде сатып алу керек. Онда өрт қауіпсіздігі сертификаттары мен жарамдылық мерзімі көрсетілуі тиіс. Себебі, төлқұжат толықтай тексеріледі. Өрт сөндіргішті кабинаға, көлік иесіне жақын жерге қойған дұрыс. Оны жүксалғышта қалдыру ұсынылмайды. Себебі төтенше жағдай кезінде қол жеткізу қиын болуы мүмкін. Өрт болған жағдайда автокөлік жүргізушісі дұрыс әрекет етуге және тұтану көзін сауатты локализациялауға дайын болуы керек. Көлігіңізде әрқашан болуы керек ең маңызды үш нәрсе бар. Олар: дәрі-дәрмек салынған алғашқы медициналық көмек қобдишасы, өрт сөндіргіш және синтетикалық емес шапан.
Әділжан Нұрланұлы,
ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық
қорғау академиясының 3 курс курсанты.