Қарт ананы құттықтады
27 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Жамбыл облысында білім беру, денсаулық сақтау салаларына айрықша назар аударылуда. Аталған әлеуметтік салалар адам капиталын дамытудың негізі болып саналады.
Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов БАҚ өкілдерімен кездесуінде бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығына қарамастан, туындап отырған мәселелердің де жоқ еместігін айтты.
Ағымдағы жылы білім саласына 244,4 млрд. теңге бөлінді. Бұл облыс бюджетінің 53 пайызын құрайды.
Биыл 22 білім нысанының құрылысына 7,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 7-уі пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 10 мектептегі жұмыстар аяқталады. Бұдан бөлек 4,1 млрд. теңгеге 18 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде.
Осы жұмыстардың нәтижесінде 2 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 6 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешілмек.
— Жылдағы мәселе қайталанбауы үшін, мектептердің құрылысын 20 тамызға дейін аяқтап, жаңа оқу жылына толығымен дайын болуы керектігіне назар аударып отырмыз. Сапасыз жұмыс әрі кестеден кешіккен мердігерлер үшін қабылданатын шаралар жеңіл болмайтыны ескертілді,-деді Н. Нұржігітов.
Осы жылы облыста 2 197 орынды құрайтын 24 балабақша ашу көзделсе, жыл басынан бері 1 600 орындық 11 жекеменшік балабақша пайдалануға берілді.
3-6 жас аралығындағы балалар балабақшамен 100%-ға қамтылған.
Облыс әкімі білім ошақтарының асханаларындағы ас сапасы басты бақылауда екенін жеткізді.
— Мен Тараз қаласы мен аудандардағы жұмыс сапарларымның барысында оқу орындарының асханаларындағы ас сапасы мен мәзірін арнайы тексеріп жүрмін. Кемшіліктер жоқ емес! Соған сәйкес, тиісті тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді. Бұған бей-жай қарауға болмайды. Дені сау ұлт – мықты мемлекеттің негізі.
Асханаларда жергілікті өндірушілердің өнімдерін, әсіресе, бал, сүт өнімдерін пайдалану мақсатында кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде. Жаңа оқу жылында тағам өнімдерін алуда жергілікті өндірушілермен келісім-шарттар жасалатын болады. Сол сияқты, мектепке дейінгі жастағы балалардың тамақтануы да сапалы болуы тиіс,-деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов денсаулық сақтау саласына да тоқталды.
— Даму жоспарымызға сәйкес, «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына 81 денсаулық сақтау нысанының құрылысы ұсынылатын болады. Жоба барлық ауылдарды тиісті медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және халықты сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік береді,-деді облыс әкімі.