Аудан басшысы кітапханаға кітап сыйлады
54 ViewsӘулиеата өңірінде кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда, өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов кітапхана қызметкерлерімен жеке кездесіп,…
Сейсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркеповтың төрағалығымен және аудандық мәслихат хатшысы Ербол Әбутәліповтың қатысуымен аппараттық кеңес өтті. Аппараттық жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім басшылары да қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде КВИ-дың алдын алу мәселелері жөнінде аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Раушан Көшербекқызы Жұманқұлова баяндама жасады. Жауапты маман дайындық жұмыстарын сөз етіп, атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеп берді. Тіпті, ол ауданда дәрі-дәрмектің 4 айлық қоры сақталғанын жеткізді. Аудан басшысы өз кезегінде аурудың алдын алу үшін өткен қателіктерден сабақ алу керектігін айтты.
Аппараттық кеңесте жылыту маусымына от-қазандықтардың дайындығы да пысықталды. Ол туралы аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының у.м.а Жасұлан Бейшенқұлұлы Өмірқұлов баяндама жасады.
Кеңес барысында күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Мөлдір ТАСТАНБЕК.