Құры сөздің емес, нағыз істің адамы
107 ViewsҚазір өкінішке орай, елдің қамын ойлағаннан гөрі өзінің жеке мүддесін ойлайтын адамдар көбейді, шыны керек. Сөйлесе кетсең, дүние-байлықты сөз етеді көбісі. Болмаса шыққан әулетін…
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде (амфитеатр) Т.Рысқұлов ауданы көркемөнерпаздарының «Әуенді Тараз кештері!» атты концерті өтті.
Ұлттық өнерді кеңінен насихаттап, жазғы мезгілде ашық аспан астында өңір тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шараның шымылдығын «Басқар Битанов» атындағы халық театрының «Көш керуені» театрландырылған көрінісі түрді.
Бағдарлама «Әдемі-ау» халықтық би ансамблінің «Қазақ» биімен басталып, «Алатау», «Туған жерім – Құланым», «Туған ел», «Жүрегім қазақ», «Ризамын саған туған ел», «Киелі менің – Құланым», «Қазағым» және т.б ескі һәм есті шығармаларға ұласты.
Сондай-ақ, «Қыздар-ай», «Біз екеуміз», «Рина-ри», «Аяла», «Сырғаның сыңғыры», «18-ге толған қыз» т.б бірқатар заманауи әндер шырқалып, «Әдемі-ау» халықтық би ансамблінің «Хоррезм», «Испан биі» сахналанды.
Айта кету керек, осындай іс-шаралар ағымдағы жылдың 26 тамызына дейін әр аудан өнерпаздарының қатысуымен аптаның жұма күндері «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтетін болады.
«Құлан таңы» ақпарат.