Шоқ тілді Шона
16 ViewsӨткен сәрсенбіде Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде белгілі сатирик Шона Смаханұлының 100 жылдығына орай Басқар Битанов атындағы халықтық театр ұжымының ұйымдастыруымен «Жүз шымшыма»…
Үкіметтік емес ұйымдар қоғам мүддесі үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдармен тиімді байланыс орнатып, жұмыс атқаруды басты мақсат санайды. Оның ішінде халықтың қалың жігі арасында қоғамдық мониторингке азаматтардың қатысуын кеңейтуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу, жастарды, әйелдерді қолдау адам құқықтарын қорғау, жастарды патриоттық тәрбиеге баулу, салауатты өмір салтын насихаттауды жетілдіру, гендерлік теңдік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстары жетіліп, жақсы дамып келеді. Үкіметтік емес ұйымдар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №159 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспары» негізінде және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сай өз қызметтерін республика аумағында жүзеге асыруға құқылы.
Аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңес үкіметтік емес ұйымдармен тікелей байланыста жұмыстар атқарады. Қазіргі таңда Т.Рысқұлов ауданы бойынша Әділет басқармасының дерекқорында 18 үкіметтік емес ұйым ресми тіркелген, оның 11-і қоғамдық бірлестік, 7-і қоғамдық қор. 2018 жылдың 31 наурызына дейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дерекқорына 10 ҚБ тіркеліп, тіркелмеген 1 ҚБ бойынша тиісті жұмыс атқарылды. 7 қоғамдық қор, оның ішінде: 3 ҚҚ («Қамқор», «Дулат баба», «Топ ағаш» өз мәліметтерін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дерекқорына уақытылы тіркеді. 2 ҚҚ-дың жетекшілері қайтыс болған («Мэлс Өзбеков атындағы қоғамдық қор» /Ж.Жанасов/, «Жанашыр»). «Луговой аудандық білім мен мәдениет жұмыстарын дамыту» қоғамдық қорын /С.Мукантаев/ тіркелген мекенжайда орналаспағаны анықталды. 1ҚҚ құжаттары сотқа жолданды. «Луговой аудандық білім мен мәдениет жұмыстарын дамыту» қоғамдық қоры. Тіркелмеген қоғамдық қорларды мәжбүрлі түрде тарату туралы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына хат жолданып, жұмыстар жүргізілуде.
Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында аудандық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, «Құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шаралараларды ұйымдастыру» тақырыбында әлеуметті жобаны конкурс негізінде «Құлан Нұры» қоғамдық бірлестігі, «Т.Рысқұлов ауданында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Туған жер» бағытының Өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру, насихаттау іс-шаралар жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жоба бойынша «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры жеңімпаз атанып, «Дәстүрлі емес діни ағымдар қатарындағы азаматтарға бейімдеу жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры жеңіп алып, келісім-шарт негізінде іс-шаралар өткізуде. «Көмек. Демеу. Кз» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен маусым-шілде айлары аралығында 7 ауылдық округте кездесулер өткізілді: Новосель, Көгершін, Өрнек, Сәлімбай, Көкдөнен, Құмарық, Малдыбай ауылдық округтері. Жалпы кездесулерде 110-ға тарта адам қамтылды. Олардың ішінде ауыл тұрғындары, мешіт жамағаттары және жастар бар. Кездесулерге облыстық «Һибатулла-Тарази» мешітінің наиб имамы, дінтанушы Аманбаев Ержан Маханұлы, теолог маман Джапек Ғалымбек, «Һибатулла Тарази» медресесінің оқытушысы Ембергенов Амангелді және «SANA» оқыту орталығының директоры Олжабаев Асхат Құрышғалиұлы шақыртылды. Жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында Алматы қаласында орналасқан «Нұр-Мүбәрак» мешіті қызметкерлерімен байланыс орнатылды.
Ішкі саясат бөлімі тарапынан ҮЕҰ-мен бірқатар жұмыстар атқарылды, ағымдағы жылдың наурыз айынан үкіметтік емес ұйымдар төрағаларымен жеке жұмыстар жүргізіліп, консультациялық кеңестер берілді. Жұмыс атқармай, тіркеуден өтпей тұрған Қоғамдық Бірлестіктер, Қоғамдық қорлар заң талаптары түсіндірілді, мемлекеттік кірістер басқармасы арқылы құжаттары тиісті орындарға жіберілді. Қазіргі уақытта ауданда нәтижелі жұмыстар атқарып отырған «Элай Құлан» ҚБ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Жомарт жүрек» сыйлығының «Ерен еріктілік» бағыты бойынша марапатталды. «Элай Құлан» ҚБ «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы ұйымдастырған конкурсқа қатысып, лауреат атанды.
«Құлан нұры» ҚБ Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агенттігімен 2018 жылы 3 тамызда Меморандумға қол қойып, Жақсылық ауылының жастарын қатыстыра отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмектесуде, жастар тобына өтінімді дайындау және ұсыну бойынша консультациялық көмектер беруде. Сонымен қатар «Береке ынтымақ арқылы» бағдарламасы шеңберінде USAID қаржылық демеушілігімен “Береке» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен байқауға қатысып, грант жеңіп алып, «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асырды. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша медиаторлық қызметін жүргізді. Жамбыл облыстық соты ұйымдастырған «Медиация дегеніміз не?», «Медиация туралы не білеміз?» атты үздік шығармалар байқауында да жүлделі І орын иеленді. Қазіргі уақытта ҚР Қоғамдық Даму министрлігі ҮЕҰ берілетін сыйақылар конкурсының 5 бағыты – отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу бағыты бойынша құжаттар өткізді.
Үкіметтік емес ұйымдар қоғам мүддесі үшін, Елбасының саясатын жергілікті жерде жүзеге асыруда билік өкілдері мен халық арасындағы алтын көпір ретінде өз жұмысын нәтижелі ұйымдастыра алса ғана, ұтары анық. Халықтың жанайқайы мен қордаланған проблемаларды, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуы тиіс сауалдарын бірлесе шешуге барынша күш салады. Сондықтан жалпы жұртшылық үкіметтік емес ұйымдар атқарып жатқан жұмыстарда белсенділік танытып, оң көзқараспен қарауы ләзім.Әрине үкіметтік емес ұйымдармен жұмыста жетістіктермен қатар кемшіліктер де көп, саны көп болғанмен сапалы жұмыс атқармай отырған қоғамдық қорлар мен мақсаты айқын емес қоғамдық бірлестіктердің болмауына күш салу-көп еңбек пен құқықтық сауаттылықты қажет етеді. Аудандық ішкі саясат бөлімі бұл бағытта да жоспарлы жұмыстар бастап кетті, нәтижесі алдағы күннің еншісінде. Бастысы – бірлік пен ынтымақта халық мүддесі үшін, сындарлы саясатты жүзеге асыруда көшбасшы болу, халықтың ой-өрісін, танымын арттырып, сапалы өмір сүруіне жасалатын жағдайдың оң болуына ықпал ету.
Л.ӨТЕУЛИЕВА,
аудандық ішкі саясат
бөлімінің басшысы.