Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасы – атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ал тұрғылықты жері бойынша орталық болмаған жағдайда – ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.
Сонымен қатар, Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің 2021 жылғы 19 наурыздағы хаттамасына сәйкес, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК тағайындауға өтініштерді қабылдау «Электронды үкімет» порталы (egov.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Отбасының әрбір мүшесіне төленетін атаулы әлеуметтік көмек мөлшері, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептелінеді. Жан басына шаққандағы орташа табыс АӘК тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
АӘК тағайындауда отбасының еңбекке жарамды мүшесі жұмысқа орналасудан бас тартса, АӘК тағайындалмайды. Еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ең басты шарт – отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесі жұмыс істеуі тиіс. Аз қамтылған отбасылардың жұмыссыз азаматтарға бағытталған жұмыспен қамту бағдарламасы аясында АӘК алушыларға бос жұмыс орындары, уақытша жұмыс орындары, жеңілдетілген шағын несие, қайтарымсыз грант және қысқа мерзімді кәсіби оқыту ұсынылады.
Жалпы Т.Рысқұлов ауданы бойынша 2022 жылдың 1 тамызына «Электрондық үкімет» (egov.kz) порталы арқылы жан басына шаққандағы табыстары күнкөріс деңгейінің кедейшілік шегіне жетпейтін 658 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен шартсыз ақшалай көмек алушылар 94 отбасы (429 адам), шартты ақшалай көмек алушы отбасылар 564 отбасыға (3377 адам) жеткен.
Алайда, шын мұқтаждарға берілетін көмекті мұқтаж емес отбасыларда алуды көздейді. І тоқсан бойынша учаскелік комиссияның шешімімен 25 отбасы әлеуметтік көмекті заңсыз алғаны анықталды. Осыған байланысты аудан әкімдігінің жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және құзырлы органдармен бірлесіп, заң бұзушылықтардың алдын-алу бойынша әрбір ауылдық округте АӘК алушыларды қайта тексеру жұмыстары жүргізуді жоспарлауда.
Нұрбол Боранбаев,
аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы»
КММ-нің маманы.