Прокурор түсіндіреді

341 Views

2022 жылдың 7 айындағы кримино­гендік жағдай қылмыстардың 2,4%-ға (3590-нан 3678-ге дейін) өсуімен сипатталады.
Сонымен қатар, оның ішінде 56%-дан астамы меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды алып отыр. Олардың арасында алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен мүлікті заңсыз иеленумен байланысты алаяқтық кең таралған.
Көптеген адамдар өздерін алдау оңай емес деп санайды. Алайда, іс жүзінде жәбірленушілердің өздері, мүліктік және материалдық мәселелерін шешу мақсатында қылмыскерлердің қолына түсетін жағдайлар жиі кездеседі.
Мысалы, 29.01.2021 жылы Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны «И.П.» есімді азаматшасына «К. А» есімді азаматша сеніміне кіріп 1077 317 теңгесін және құны 250 000 теңге тұратын алтын бұйымдарын иемденіп кеткен.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 310000 теңге жәбірленушіге қайтарылып, қалған 1017 317 теңге өндірілмеуіне байланысты, ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес, іс құжаттар сотқа жолданған.
Сондай-ақ, Тараз қалалық №2 сотының үкімімен Тараз қаласының тұрғыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол заң көмегіне мұқтаж адамдардың сенімін асыра пайдаланып, олардың мәселелерін соттарда және құқық қорғау органдарында шешуді ұсынған. Сөйтіп өзінің қылмыстық әрекеттерімен бүгінгі күнге дейін өтелмей келген бірнеше миллиондық залал келтірген.
Сонымен қатар, қылмыскерлер өздерінің қылмыстық мақсаттарына жетудің құралы ретінде интернетті жиі қолданады.
Мысалы, Тараз қалалық №2 сотының үкімімен Тараз қаласының тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол «Телеграм» әлеуметтік желісінде «Фартуна», «Фарт», «Сенім» және «Көмек» топтарының жазылушыларына, олармен салынған ақшалай қаражаттарды 50%-ға ұлғайтып беретіндігіне сендірген.
Осылайша, 8 азаматты алдап, олардың 700 000 теңгеден астам ақшасын заңсыз иемденіп, бүгінгі күнге дейін қайтармаған.
Жәбірленушілердің өздері оңай және тез ақша табуға үміттеніп, ақшаларын аударған. Өз кезегінде ресми пайыздық мөлшерлемелер тек заңды қаржы институттарында болуы мүмкін.
Құрметті аудан тұрғындары!
Пайдалы ұсыныстар мен үстеме пайда туралы кез келген ақпаратты тексеріңіздер. Күмәнді ұсыныстардан аулақ болыңыздар. Бұл жағдайда Сіздердің мүліктеріңіз сақталады.
Бұдан басқа, заңмен көзделген қатаң қылмыстық жауапкершілік және алаяқтық жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы туралы құқық бұзушыларды ескертеміз.

С.Налыгачев,
Жамбыл облысы прокуратурасының 1-Басқарма прокуроры.

 

Поделиться ссылкой: