КОВОРКИНГ орталығы ашылды

901 Views

КОВОРКИНГ орталығы ашылды

 Аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде орналасқан орталық кітапханада коворкинг орталығы ашылды. “Нұр Отан” партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асқар Қырықбаев құттықтау сөзінде «Бұндай коворкинг орталықтары «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобалары аясында жүзеге асып келеді. Жаңа партиялық жобаның мақсаты – еліміздегі кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құрып, бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, барлық кітап қорын электронды форматқа көшіріп, цифрландыру. Бүгінгі

 ауданымызда ашылып отырған коворкинг орталығы жаңару мен жаңғыруға бастаған үлкен қадам деп білемін» дей келе, аудан жұртын коворкинг-орталықтың ашылуымен құттықтады. Аудан әкімінің сөзін

 аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов қуаттап, ізгі тілегін жеткізді. – Коворкинг орталығы кез  келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, жаңа келіп түскен кітаптарды оқуға зор мүмкіндік тудырады, -дейді коворкинг орталығының кітапханашысы Әлия Алтынбекқызы. Оның айтуынша, бұдан бөлек мемлекеттік қызметтің тоғыз түрі халыққа ұсынылатын болады.

 М.СЕЙДАШЫМ.

Поделиться ссылкой: