Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
23 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Сәрсенбі күні Қорағаты ауылдық әкімшілігінің ғимаратында «Ашық мемлекет» атты мемлекеттік қызмет түрлерінің жәрмеңкесі болып өтті. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкенің негізгі мақсаты – халыққа тұщымды кеңес бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді барынша оңайлату, сондай-ақ «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді кеңінен түсіндіру арқылы қол жетімділікті дамыту болып табылады.
Аталмыш жәрмеңкеге денсаулық сақтау, білім, жер қатынастары, ветеринария, ауылшаруашылығы, азаматтық актілерін тіркеу сынды 10-ға жуық мемлекеттік орган қызметкерлері қатысып, қорағатылықтарға пайымды кеңестерін берді. Осы ретте біз де тұрғындар қойған сауалдар ретіне құла түрген едік.
Мәселен, ата-аналар комитетінің төрайымы Алтынкүл Әденова «Ашық мемлекет» жәрмеңкесіне Қорағаты орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі жетіспейтінін айтуға келіпті. Жергілікті тұрғынның сөзін мұқият тыңдаған аудан әкімдігі білім бөлімінің кадр меңгерушісі Асхат Қалмаханұлы бұл мәселе өз шешімін тапқанын айтты. Оның сөзінше, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі Арайлым Мүбарақова ауылға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан көрінеді. Мұны естіген Алтынкүл Әденова аудан әкімдігі білім бөлімінің мамандарына зор алғысын білдірді. Ал көп балалы Ғалия Жанғазиева болса, мүгедектікті растайтын көкқағазды әлі күнге дейін алмапты. «3 жыл қимыл-қозғалыссыз жаттым. Дәрілерді уақытылы алып тұрамын. Ол үшін ақ халатты абзал жандарға үлкен рахмет. Алайда, көкқағазым болса, еу аумағындағы түрлі емделу шипажайларына баруға жеңілдік болар еді» дейді ол. Ауыл тұрғынының бұл сұрағына аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің емхана және ана мен баланы қорғау ісі бойынша орынбасары Рымбала Естемесова үн қатып, бұл мәселені өз назарында ұстайтынын жеткізді.
Марат ДИХАНБАЙ.