НӘЗІКТІК пен ҚАЙСАРЛЫҚ тоғысқан жол
13 ViewsЖуырда Тараз қаласында бокстан 2009-2010, 2011-2012 және 2013-2014 жылдары аралығында туылған жастар мен жасөспірім қыздар арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша №24…
Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебінде «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық!» ұранымен «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жүргізілуде.
Аталған акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету. Осы мақсатпен қайырымдылық акцияларына демеушілерді ынталандыру жұмыстары жүргізілді.
Осындай қоғамдық мәні зор іс-шараға ауыл имамы К.Байгожаев және жомарт жүрек түлектеріміз Бейсен Санжар мен Тюльтебаев Дастан үлкен үлес қосып, балаларға сөмкелер, оқу құрал-жабдықтарын табыс етті.
Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!
А.Қойлыбекова,
Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебінің әлеуметтік педагогы.